Көбейтұз көлінің тұзының келісі 5 мың теңгеден сатылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – COVID-19 ауруына қарсы «дәрі» ретінде Көбейтұз көлінің тұзының келісі әлеуметтік желіде 5 мың теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Көбейтұздың тұзын сатамын. Келісі – бес мың теңге. Көптеген ауруға ем. Коронавирус пен іш өту жағдайында көмектеседі. Тамақты шайып, асқа қосуға болады. Тұзды ваннаға да жақсы. Пікірге қалдырыңыз. Өзіміз сізге жазамыз. Он шелек қана қалды», - делінген желідегі парақшалардың біріндегі хабарламада.

Еске сала кетсек бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Көбейтұздың ластанып, ол жақтан тұздың тиеліп әкетілуіне байланысты алаңдаушылық білдірген болатын.

«Жаңа ғана біз Көбейтұз көліне келдік. ҚР ЭГТРМ Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бастаған министрліктің мамандарынан құралған топ қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен бірге экологтар судың сапасы тексеру үшін сынамасын алды», - деп жазды әлеуметтік желіде министрліктің баспасөз хатшысы.


Соңғы жаңалықтар