Қобызшы Молықбай Байсақұлының туғанына 160 жыл толды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қобызшы Молықбай Байсақұлының туғанына 160 жыл толды.  Мерейтойға орай қобызшының туған жері  Алматы облысындағы Ақсу ауданында облыстық қобызшылар байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қобызшы Молықбай Байсақұлының туғанына 160 жыл толды

null
 "Қобызшы Молықбай шал Матайдағы" атты сахналық қойылым көпшілікке ұсынылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ал, үміткерлер қыл қобыз және прима қобыз номинациялары бойынша бақ сынасты. Молықбай Байсақұлы Ақсу ауданы Қосағаш ауылында 1857 жылы дүниеге келген. Ол шебер қобызшы, сазгер, емші, кеңестік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны ретінде есте қалған. Молықбай - жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтың кіндік әкесі. Әрі ақынның "Құлагер" поэмасының бас кейіпкері болған.
null 

Байқау Ілияс Жансүгіров ауылындағы  Молықбай Байсақұлы атындағы  мәдениет үйінде өтті. Мұнда алғаш рет облыстық қобызшылар байқауы ұйымдастырылып отыр. Шараға 17 ауданның қобызшылары келіп қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай сайыстар таланттарды шабыттандырып, шеберліктерін ұштай түседі. Ал жарыстың бас жүлдесін Ақсу ауданының тұрғыны Нәзерке Нұрмұханбетова  қанжығалады. Жеңімпаз 2-ші сыныптан бастап қобыз тартады екен. Бүгінде ол өнер мектебінде сабақ береді.
null 

Шарада "Қобызшы Молықбай Байсақұлы" атты конференция ұйымдастырылды. Басқосуда тарихи тұлғаның артында қалдырған мұралары таныстырылды. Соңы қобызшылар байқауының Гала концертіне жалғасты.

null null