Кофе адам өмірін ұзартады - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар жүргізген зерттеулерге сәйкес, кофе адам өмірін ұзартатындығы анықталды. Бұл туралы Лента ру хабарлайды.

Кофе адам өмірін ұзартады - ғалымдар

Зерттеуге 45 пен 75 жас аралығындағы түрлі ұлт өкілдерінен құралған 190 мың ерікті қатысқан.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, күніне 1 кесе кофе ішу барлық себептермен байланысты өлім тәуекелдерін 12 процентке дейін төмендетеді, ал күніне 3 кесе кофе өмір сүру ұзақтығын 18 процентке жоғарлатады.