17:19, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Кофе бағасы рекордтық деңгейге жетті
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Биылғы жылғы ауа райының ауытқушылығы мен өнімнің жинау көлемінің төмендеп кету қаупіне байланысты кофе бағасы рекордтық деңгейге жетті. Соңғы үш ай ішінде баға 43 пайызға көтеріліп, 13 жыл ішіндегі ең жоғарғы баға көрсеткішіне көтерілді, деп хабарлайды Вести.Ру.
Соңғы 5 жылда кофе бағасы АҚШ-та 8%-ға, Еуропада 6%-ға, ал Ұлыбританияда 35%-ға қымбаттаған.
Кофе рыногының өсуі Folgers, Dunkin' Donuts және Millstone секілді ірі компаниялардағы бөлшек сауданың да әлемдік бағасын шарықтатып жіберді. Өткен сәрсенбіде кофенің жеткізу бағасы 2,25 центке, бір фунтына 1,9455 долларға көтерілді. Өз кезегінде америкалық кофе өндіруші Green Mountain Coffee Roasters (GMCR) компаниясы өз өнімінің бағасын он, тіпті он бес пайызға дейін көтеруді көздеп отыр.