11:05, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Кофе дәм айырушысының тілі 14 миллионға жуық долларға сақтандырылды
МӘСКЕУ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ірі британдық кофеханалар желісінің бірінің бас дәм айырушысының (дегустраторы) тілі 10 миллион фунт стерлингке ( 13,95 миллион долларға) сақтандырылды,
деп хабарлады дүйсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясының сайты. Би-би-си сайтында хабарланғандай, Дженнаро Пелицция - қуырылып, сауда нүктелерінен жөнелтілердің алдында Лондондағы цехта "Costa Coffee" кофейнясы үшін шикі кофенің дәмін айырушы адам. «Менің 18 жылдық тәжірибем маған кофе дәнінің мыңдаған түрлі иісін айыруға мүмкіндік береді», дейді Пелицция. Дәм айырушының тілін британдық Lloyds of London компаниясы сақтандырып отыр. "Costa Coffee" кофеханалар желісі жылына бүкіл әлем бойынша 108 миллион шыныаяқ кофе сатады екен.