Кофе диабеттен сақтайды - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кофені күнделікті ішу екінші деңгейлі диабет ауруының алдын алады, деп жазады шетелдік БАҚ. Ғалымдар бұл тұжырымдарын Diabetologia ғылыми басылымында жариялаған.

Кофе диабеттен сақтайды - ғалымдар

Төрт жыл көлемінде зерттеу жүргізген мамандар кофені күнделікті ішу ауру пайда болу қаупін 11 пайызға азайтатынын анықтаған. Ғалымдардың бұл зерттеуіне 50 мыңнан астам адам қатысқан көрінеді.