Кофеин қосылған газдалған су бала миының қалыпты дамуын тежейді
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кофеин қосылған газдалған су бала миының қалыпты дамуын тежейді, деп хабарлайды meddaily.ru сайтынан.
Ғалымдардың сөзіне қарағанда, кофеин жасөспірімдерді ми үшін маңызды болып табылатын қатты ұйқыдан айыратын болғандықтан, қауіпті. Ал егер сол сәтте ми дұрыс дамымаса, жасөспірім шизофрения, тынышсыздыққа шалдығуы мүмкін.
Мәселе жасөспірім жаста керексіз нейрондық қосылыстар - синапстар жойылатындығында. Ал ұйқы осы үрдістің қалыпты өтуі үшін қажет. 300-400 миллиграмм кофеин (күніне 4 банка энергетика немесе 3-4 кесе кофе) балалар мен жасөспірімдердің жағдайына нақты әсер етуі мүмкін.
"1 банка Red Bull-да 80 миллиграмм кофеин бар", - дейді Цюрих Балалар ауруханасы университетінің профессоры Рето Убер. Соңғы 30 жылда кофеинді тұтыну балалар мен жастар арасында 70%-ға өсіп отыр.
Ғалымдар зерттеу жүргізу кезінде жас кеміргіштерге кофеин қосылған су берген. Зерттеу барысында анықталғандай, су ішкен тышқандарға қарағанда екінші топтағы кеміргіштердің ұйқысы нашар болған.