Кофи Аннан Сириядағы арнайы елші қызметінен кетеді

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат -  БҰҰ-ның сириялық жанжалдарды реттеу жөніндегі арнайы өкілі Кофи Аннан өз қызметінен кетуге шешім қабылдады,
None
None

деп хабарлады ресейлік жаңалықтар агенттігі.

К.Аннанның отставкаға кететіндігі жайында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун хабардар етті. Сирия бойынша арнайы елші біраз уақыт өз қызметін жалғастыратын болады. Оның ресми отставкасы 31 тамызда күшіне енеді.

AFP мәліметтері бойынша, Женевада сөз сөйлеу барысында өзінің миссиясының қолдауға ие болмағандығын айтқан Кофи Аннан: «Халықаралық қоғамдастық топқа бөлінген. Осының барлығы менің тапсырмамды қиындатты», - депті.

Ол ақпанның соңынан бері Сирия бойынша арнайы елші болып жұмыс істеген еді. Ал оған дейін БҰҰ Бас хатшысы болды.

Соңғы жаңалықтар