Қоғам қайраткері Қажымқан Мәсімов қайтыс болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіптік палатасының басшысы Қажымқан Мәсімов қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақ ұлттық Туризм және спорт академиясының баспасөз қызметі растады.

Қажымқан Мәсімов 1939 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.

Омбы темір жол институтын, Павлодар индустриалды институты мен Алматы денешынықтыру институтын бітірген. Қазақ ұлттық Туризм және спорт академиясының спорт медицинасы кафедрасының құрметті профессоры мәртебесін алған.

2016 жылдың қарашасынан бастап «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы болып сайланды.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 9 сәуірде Алматыдағы Ғылым академиясында сағат 10:00 мен 11:00 аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар