Қоғам өзін электронды вирустың кеселінен қорғауды үйренуі тиіс - Д.Назарбаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғам өзін электронды вирустың кеселінен қорғауды үйренуі тиіс. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан 12-ші Еуразиялық медиа форум барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, аталған форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева айтты.
None
None

«Осында, залда отырған бәріміз Еуразия медиа форумына қатысушылар мен қонақтар сөз еркіндігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын қалтқысыз әрі дәйекті түрде жақтайтындар деп ойлаймын. Сонымен қатар біз бұқаралық медианың жауапкершілігін де терең сезінеміз. Өйткені, қоғамның ішіне іріткі салып, құртатын да сол жауапсыздық», - деді Д.Назарбаева.

Вице-спикердің пайымынша, танымал әлеуметтік желілер кейде, әсіресе, дағдарыс тұсында тілдесу мүйісінен балағаттау, бір-бірін кінәлау, сұмдықты төндіре түсу алаңына айналып кетеді.

«Қоғам өзін электронды вирустың кеселінен қорғауды үйренуі тиіс. Тіпті, міндетті де. Бұл аса маңызды мәселе. Сіздер, әріптестер осы төңіректе дәйекті уәжбен пікір таластырады деп ойлаймын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум