Қоғам тынысы бір орында тұрып қалмай, жаңғыра беруі керек - Әмин Тұяқов

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жеңіл атлетикадан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмен Тұяқов өз таңдауын Атырауда жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Алматы қаласында тұратын белгілі спортшы Атырау қаласындағы №8 учаскеге келіп, дауыс берді.

Бұл учаске Н.Тілендиев атындағы облыстық кіші өнер академиясында орналасқан.

«Бүгін – тарихи күн. Өйткені, ұрпағымыз үшін, келешек үшін маңызды қадам жасайтын ең жауапты кезеңде тұрмыз. Еліміздің бейбіт болуы, балаларымыздың бақуатты өмір сүруі үшін өз таңдауымызды жасауға мүмкіндік алдық. Өзім ел келешегінің жарқын болатынына сенемін. Бәріміз осы мақсатқа жұмылып, аянбай еңбек етуіміз қажет», -деген пікірін білдірді Әмин Тұяқов.

Оның айтуынша, Атырауға 85 жасқа толуына байланысты іс-шараға келген.

«Әр адамға Отаннан артық құтты мекен жоқ. Сол себепті елдің өркендегенін, жас буынның сапалы білім алып, еліне қызмет еткенін қалаймыз. Бұл үшін қоғам тынысы бір орнында тұрып қалмай, жаңғыра беруі керек. Ал, жаңғыру ел Конституциясына енгізілетін өзгерістен бастау алатынын ұғыну қажет. Бүгін жаңа да әділ Қазақстанның жаңа тарихы басталады», -деген ойын бөлісті Әмин Тұяқов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау перзентханасында жас босанған аналар дауыс бергенін, кейін жабық учаскенің бірінде дауыс беру аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар