Қоғам ынталылары ҚР-да әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою шараларын ұсынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоғам ынталылары әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша бірқатар нақты шаралар ұсынды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Алматыда қоғам ынталыларымен кездесу өтті. Ол әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күніне арналды. «Дағдарыс орталықтар одағы» ЗТБ басшысы Зульфия Байсақова жыл сайын Қазақстанда 400 адам отбасылық-тұрмыстық қатынас барысында қаза табатынын атап өтті.
Бұл көрсеткіш жақсы емес, деп атап өтті ол. «ҚР Бас прокуратурасы бағдарлама әзірлеуде. Бұл бағдарлама жобалық қамтудың бөліктік сипатына айналғанын қаламаймын. Жоспарлы түрде заңнамадан бастап, инфрақұрылымның дамуымен аяқтап, жүйелі өзгерістерге көшу қажет.
Егер бағдарлама тиімділігін бағалауға болатын нақты индикатор әзірлесек, бұл жұмыс істейтін болады. Декларативтік-бос шараларды қойып, жұмыс тобын жинап әрекетке көшуіміз қажет», - деп санайды З. Байсақова.
Оның айтуынша, зорлық-зомбылық белгілері бар қылмыстар және құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтін ҚР заңнамасын жетілдіріп, оны халықаралық нормаларға сәйкестікке келтіру қажет. Зорлық-зомбылық пен адам саудасын соттан тыс тәртіпте реттеу практикасын доғару қажет. Сондай-ақ тегін әрі сапалы психологиялық, заңгерлік, медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.