қоғам

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің өңірлік басқармалар, аудандар және Павлодар басшыларымен өткізген кеңесінде елді мекендерді және автомобиль жолдарын қардан тазарту және қар шығару мәселесі басымдықты мәселелердің бірі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

қоғам

Метеорологтардың ақпараты бойынша, қаңтар айында облыста қар нормадан бір жарым-екі есеге артық жауған.

Ал шалғай аудандардың тұрғындары өркениеттен алшақтап қалмауы және жолдарда көлік кептелісі болмауы үшін Әбілқайыр Сқақов аймақта және облыс орталығында қарды жинау және шығару жұмыстарын күшейтуді талап етті. Әкімнің айтуынша, бұл іске коммерциялық құрылымдар мен қоғам өкілдерін тарту қажет.

– Қалалар мен аудандар әкімдеріне жолдарды қала құраушы және басқа да коммерциялық кәсіпорындармен бірлесіп тазарту бойынша күш-жігерді біріктіруді тапсырамын. Атқарылатын жұмыстың тиімді болуы үшін барлық қызметтердің жұмысын үйлестіру қажет.

Кеңесте Мемлекет басшысының ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында көтерген мәселелері талқыланды. Әбілқайыр Сқақов басшылардың назарын бюрократиялық формализмнен бас тартып, халықпен ашық диалог жүргізу қажеттігіне аударды. Осындай диалог әдістерінің бірі қазіргі уақытта облыс қалалары мен аудандарында өтетін әкімдердің есеп беру кездесулері болуы керек. Әкімдер азаматтарды есеп беру кездесулеріне дейін де, одан кейін де жеке қабылдайтын болады. Бұл өтініш білдірушілердің мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, аймақ басшысының есеп беру кездесуі 14 ақпанда өтеді. Кездесу қарсаңында және одан кейін Әбілқайыр Сқақов да азаматтарды қабылдайды.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.