Қоғамда наразылық туындауы мүмкін: Министр ҚҚС неліктен өспейтінін түсіндірді

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрі Мәди Такиев қосылған құн салығын бұрынғы деңгейінде қалдыру жөнінде шешім қабылдауға не түрткі болғанын айтты. 

мәди такиев
Фото: ҚР Үкіметі

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, кейінгі 1,5 жылдың көлемінде жаңа салық кодексінің жобасы талқыланып жатыр. Осы талқылау аясында қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеру ұсынылған болатын. Қазіргі таңда оны көтерудің қажеті жоқ деген пайымға келдік», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, ол бұл шешімнің себебін қоғамдағы наразылықпен байланыстырды.

«Ондай шара бизнесте, қоғамда жағымсыз көрініс беруі мүмкін», - деді Мәди Такиев.