Қоғамдағы әр алуандық бейбітшілік құруға еш кедергі емес - ЕҚЫҰ ПА вице-президенті Кристин Муттонен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдағы әр алуандық бейбітшілік құруға еш кедергі емес. Керісінше, біз әр алуандық экономикалық өсімді арттырып, тұрмыстық сапасын жақсартуға оң септігін тигізетін мысалдар жетерлік.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференцияда Аустрия Федералды Парламенті Ұлттық кеңесінің мүшесі, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы вице-президенті Кристин Муттонен осылай мәлімдеді.

«Өзара сыйластық, бөтен пікірлерді тыңдау, басқа мәдениетті де құрметтеу арқылы қоғамда тыныштық пен тұрақтылық орнатуға болады. Егер басқа пікірлердің ұстанымын естісек, олармен ынтымақтастықты арттырсақ, онда қоғам үшін де маңызды ілгерілеу болатын еді. Біздің Ұйымның мақсат міндеті де сол», - деді Кристин Муттонен.

Оның айтуынша, мәдениеттер арасындағы бейбітшілік пен келісімді, толеранттылықты, төзімділікті арттыруда парламентаралық дипломатияның рөлі ерекше. 

«Бүгінгі таңда елдер арасындағы ынтымақтастықтың қажеттігі мейлінше өзекті болып отыр. Террористік желілер, экстремистік топтар дінді жамылу арқылы лаңкестік шабуылдарын ақтап алғысы келеді. Олар елдер арасындағы ынтымақтастықтың артуына емес, ыдырауына мүдделі», - деді ЕҚЫҰ ПА өкілі. 

Соңғы жаңалықтар