Қоғамды масылдық меңдеп бара жатқан сияқты - сенатор

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қол-аяғы сау адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамалық актілерді қайтадан қарап, мүмкін, талабын күшейту қажет шығар. Мұндай пікірді бүгін Сенаттағы Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша берген тапсырмаларының орындалуы қаралған Үкімет сағатында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Дегенмен, оның екі үлкен мәселесі бар, бірі - масылдық. Шын мәнінде соңғы кездері осы мәселе етек алып бара жатқандай әсер қалдырады. Жақында өткен кездесуде анықталғаны - үлкен жолдың бойында салынып жатқан мектеп құрылысындағы жұмысшылардың 90 пайыздан астамы өзбек мемлекетінің азаматтары. Құрылыс мекемесінің басшысы сол ауылдың тұрғыны. Ол кісінің айтуынша, жергілікті тұрғындар жұмысқа келмейді. Қара жұмысшының айлығы 90 мың теңге, сылақшы мамандар 150 мың теңге алады. Мұндай ақшаға жергілікті тұрғындардың жұмыс жасауға ықыласы жоқ. Кейбіреулері "мұндай жалақыға жұмысқа барсақ, жәрдемақыдан қағыламыз" деген уәж айтады екен", - деді ол.

Сондықтан сенатор бұл үлкен мәселеге айналып тұрғандығын айта келе қол-аяғы сау адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамалық актілерді қайтадан қарап, мүмкін талабын күшейткен дұрыс шығар деген ойын жеткізді.

"Ал тұрғындар мұндай жағдайдың қалыптасуына біздің бизнестің ықылас-ниетінің жоқтығынан екенін айтады. Себебі бизнес үшін шетелден келген өзбек азаматтарын жұмысқа алу тиімді. Олар күні-түні жұмыс жасайды. Оларға артық жұмыс жасағаны үшін төлем жасаудың, әлеуметтік төлемдер төлеудің немесе еңбекке жарамсыздық төлемін төлеудің қажеті жоқ. Жергілікті тұрғындармен бизнес өкілдері арасында дұрыс келісімшарт жасалмайды. "Еңбек заңы негізінен жұмыс берушінің құқығын көздеп кетті, жұмысшылардың құқығы шектеулі" деген әңгімелер де айтылуда. Мұны болашақта зерделеп қару керек деген ойдамын", - деді Сәрсенбай Еңсегенов.

Соңғы жаңалықтар