Қоғамдық бірлестіктер мүгедектерге бөлінген 10 млн теңгені жымқырған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында ымдау тілі маманының қызметін көрсетпек болған қоғамдық бірлестіктер бюджеттің 10 млн теңгесін жымқырған. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында «Новая жизнь 2030» және «Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестіктері 2019-2022 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімдігімен ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша жалған мәмілелер жасағаны анықталды.

Алайда нақты қызмет көрсетілмеген. Бұл үшін бөгде мамандар тартылып, оларға бюджеттен бөлінгеннен әлдеқайда аз жалақы берілген. Мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық шығын келген», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, сот қоғамдық бірлестіктердің басшысын 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.


Соңғы жаңалықтар
telegram