17:00, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизм тұрғысындағы мемлекеттік тілдің рөлі» - Қостанайда өтетін семинардың тақырыбы
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қыркүйектің 4-5-і күндері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, Қостанай қаласында «Қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизм тұрғысындағы мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбында аймақтық семинар-кеңес өткізеді.