Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметтердің сапасын тексереді - Ә.Бәйменов

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметтердің сапасын тексереді - Ә.Бәйменов

Агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов атап көрсеткендей, кеңесті құрудың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау. «Ағымдағы жылы «Мемлекеттік қызметтер туралы» заң өз күшіне енген болатын. Ол өте маңызды қатынастарды реттейді. Аталған құжат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік қызметтерді қадағалау мен бағалау міндеттерін жүктейді. Заңды іске асыру барысында біз қоғам пікіріне сүйенеміз. Сондықтан агенттік жанынан халықтың пікірін жеткізетін арнайы Қоғамдық кеңес құрылды», - дейді Ә.Бәйменов.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамына депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді.