Қоғамдық кеңес мүшелері алматылықтарды вакцина алуға шақырды

Өткен тәулікте Алматыда 1 403 адамнан коронавирус анықталды. Жұқпалы аурулар ауруханаларында 6 074 адам жатыр. Оның 188-і бала. Жансақтау бөлімінде 434 науқас бар.
Мегаполисте эпидемиологиялық ахуал күрделі. Осыған байланысты, Қоғамдық кеңес мүшелері алматылықтарды вакцина салуға шақырды.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанов білім беру жүйесі үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың және сапалы білім берудің маңыздылығына тоқталды.
«Пандемия – қауіпті және одан құрбан болғандар да бар. Антиваксерлер қайғылы оқиғалар орын алған отбасыларға қарап, қателескендеріне көз жеткізсін. Менің ойымша, бүгінде вакциналанудан басқа тиімді әдіс жоқ. Оқуды аяқтау үшін біз барлық студенттерді вакциналануға шақырамыз. Екпе орталықтары барлық жоғары оқу орындарында ашық, олар студенттерді қабылдауға дайын», - деді Рахман Алшанов.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлфайруз Қасымова да, коронавирустан тек вакцина қорғайтынын айтты.
«Біздің қалада, жалпы республикада ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және қалыпты өмірге оралуға барлық жағдай жасалған. Дәл осы вакцина ғана біздің елді індеттен құтқарады», - деді Гүлфайруз Қасымова.
Аида Әлжанованың айтуынша, мегаполисте өлім көп тіркеліп жатыр.
«Бізде соңғы күндері өлім-жітім көбейіп кетті. Өйткені Алматыда халық көп. Вирус ірі мегаполистерде өте тез таралады. Одан шығудың жалғыз жолы – вакциналану», - деді Аида Әлжанова.
«Ел халқының пандемиядан ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықтың кем дегенде 75%-ы вакциналану қажет. Қазақстанда вакцина жеткілікті әрі тегін», - дейді техника ғылымдарының докторы Борис Жаппаров.
Оның пікірінше, бүгінде жұртшылық Үкіметің өз азаматтарына жасап жатқан мүмкіндіктерін мүлде елемеуде.
«Кез келген қоғамда болған және бола беретін надан адамдардың пікірін тыңдаудың қажеті жоқ. Барлық қазақстандықтар азаматтық сананы көрсетіп, вакцинацияға баруы керек», - деді Борис Жаппаров.