Қоғамдық кеңестер туралы мүлдем естімеген өңірлер бар – зерттеу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен жүргізілген зерттеуде Қазақстан халқын мемлекеттік жоспарлауға жұмылдыру деңгейі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық кеңестер туралы мүлдем естімеген өңірлер бар – зерттеу

Анықталғандай, сауалнамаға қатысқандардың 69% (барлығы 1200 респондент) қоғамдық кеңестер туралы ештеңе білмейді. Тек 3 өңірде халықтың қоғамдық кеңестер туралы хабардар болуы қанағаттанарлық дәрежеде.

Қоғамдық кеңестер туралы мүлдем бейхабар өңірлер тізімінде Қарағанды облысы көш бастап тұр. Онда сауалнамаға қатысқандардың 82% қоғамдық кеңестер туралы естімеген. Одан кейін Атырау және Қостанай облыстары – респонденттердің 79,5% және 76,2% «Қоғамдық кеңестер қызметі туралы ештеңе білмеймін» деп жауап берген.

Ал Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сауалнамаға қатысқандардың жартысынан азы ғана қоғамдық кеңес туралы хабардар болып шықты.