Қоғамдық көлікпен жол жүру жеңілдігін барлық оқушыға берген дұрыс болады деп санаймын - Ә. Жақсыбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық көлікпен жол жүру жеңілдігін барлық оқушыға берген дұрыс болады деп санаймын, деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астана қаласы мәслихаты отырысында сөйлеген сөзінде. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
None
None

«Қоғамдық көлікпен жол жүруге келсек, қазіргі кезде «Оқушыларға арналған қоғамдық көлікпен жол жүру жеңілдіктері туралы» мәслихат шешіміне сәйкес, білім мекемелерінде оқитын көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға қоғамдық көлікпен жол жүру кезінде жеңілдіктер жасалады.

Жеңілдікті жол жүру құқығын барлық оқушыларға берген дұрыс болады деп санаймын. Әрине, бірден емес, кезең-кезеңмен осыған да келеміз. Мұны егжей-тегжейлі талдау керек», деді Астана қаласының әкімі.

Соңғы жаңалықтар