Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде көптеген саланың қызметі қалпына келе бастағанына тоқталған Президент: «Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты. Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады. Саябақтар ашылады. Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады. Көптеген шектеулер алынып тасталды», - деді.

Осы орайда Мемлекет басшысы күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстану керектігін атап өтті.

«Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді. Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі. Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек». – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар