Қоғамдық көлікті мас күйінде жүргізуге жол бергені үшін 21 лауазым иесі жауапқа тартылды

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігі қоғамдық көліктер тарапынан жол ережесін бұзу әрекеттерін анықтау мақсатында маусымның 7-сі мен 11-і аралығында «Автобус» сауықтыру шарасын ұйымдастырды. Аталмыш шара барысында 12 мың жолда жүру ережесін бұзу әрекеті анықталды,

Қоғамдық көлікті мас күйінде жүргізуге жол бергені үшін 21 лауазым иесі жауапқа тартылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбековтың айтуынша, аталмыш әрекеттердің 1 мың 148-і жылдамдықты арттыруға, 445-і автобустарға заңсыз құрылғылар орнатуға, 1 мың 332-сі уақытында техникалық тексеруден өтпеуге,

523-і бағдаршамның тыйым салу белгісіне өтіп кету әрекетіне, 1 мың 114-і автобусты тиісті құжаттарсыз жүргізуге, 46-сы қоғамдық көлікті мас күйінде жүргізуге қатысты болып отыр. «Шара барысында жол полициясы қызметкерлері көптеген рейд жұмыстарын жүргізген. «Сондай-ақ көліктік бақылау органдарымен бірлескен шаралар барысында жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелерін бұзуға қатысты 183 әрекет, жүргізушілердің демалыс мерзімін бұзуға қатысты 82 жағдай, арнайы тексеруден өтпеген көліктерді жүргізудің 136 фактісі анықталды. Ал қоғамдық көлікті мас күйінде жүргізу әрекетіне жол бергені үшін 21 лауазым иесі жауапқа тартылды», деді комитет төрағасы.