Қоғамдық комиссия сайлау учаскелерінің дайындығын тексеруге кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссия сайлау учаскелерінің алдағы дауыс беру күніне дайындығын тексеруге кірісті.

Қоғамдық комиссия сайлау учаскелерінің дайындығын тексеруге кірісті

Атап айтқанда, бүгін аталған комиссияның Астана қалалық филиалының төрайымы Тамара Лавриненко «Жастар» театрында орналасқан №131 және №137 сайлау учаскелерінде болды. «Бүгін байқаушыларды сайлауды бақылауға дайындаудың соңғы семинары өткізілді. Осыған орай Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның мүшелері бөлініп, қаладағы сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығын тексеруге кірісті. Жалпы, саяси науқанға дайындық жақсы. Дегенмен, кейбірінде арнайы кабиналар мен дауыс беруге арналған жәшіктер орнатылмаған. Олар осы сенбі күні толығымен орнатылатын болады. Барлық сайлау учакелерінде біздің қоғамдық комиссиялардың байқаушылары жұмыс істейді», - деді ол.