Қоғамдық қор 865 науқас баланың шетелде ем алуына септігін тигізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күнінде «ДОМ» қоғамдық қоры Бейбітшілік және келісім сарайында мүмкіндігі шектеулі бала­ларға арналған «Армандар орын­далады» атты ерекше концерт өткізді.
None
None

«21 мамырдағы жағдайға сәйкес бір ғана «Балаларға өмір сыйла» жобасының аясында біз 865 науқас бала үшін шетелдік 1220 операция мен емдеу курстарын ұйымдастырдық. Бұл концертті жасалған жұмыстар бойынша біздің есеп беру іміз деп айтуға да болады. Өйткені барлық көмек көрсеткен балаларды немесе оларға қол ұшын созған жандарды бір жерге жинау мүмкіндігі бола бермейді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «ДОМ» қоғамдық қорының атқарушы директоры Татьяна Семенова.

Оның айтуына қарағанда, «Бала­лар­ға өмір сыйла», «Аутизмді жеңуге болады» және «Қазақ­стан жетім ба­ла­ларсыз» атты жобаларға қатыс­қан балалардың өнерлері аяушылық сезімін тудырмайды, керісінше мақтаныш сезімін оятады.

«Аутист балалар өз әлемінде өмір сүреді. Олардың сахнада өнер көрсетуі - таңғажайып жағдай, бұл олар үшін, олардың ата-аналары және қор үшін үлкен жетістік болып табылады», - деп атап өтті ол.

Т. Семенованың айтуынша, құрылғанына 2 жыл болған «Қазақстан жетім балаларсыз» жобасы аясында 80 баланы асырап алған, ал 94 бала қамқорлыққа, 49 бала патронаттық тәрбиеге алынды.

Концерт басталмас бұрын далада «Dance Battle» ұйымдастыры­ла­ды. Онда мүмкіндігі шек­теу­лі жандар дені сау азамат­тар­мен тең дәре­жеде биледі.

Соңғы жаңалықтар