Қоғамдық көзқарас: Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұрған 5 қатер

«Біз 2010 жылы Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылған соң онда және оған шектес елдерде не болатынын нақты білмейміз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе интерет кеңістікте қауіпсіздікке қатысты тапсырыспен жазылған және халыққа үрей тарататын материалдар көп. Оның шындығын білетіндер үнсіз қалып, әліптің артын бақса, білмейтіндер ойына келгенін жазуда. Сондықтан бұл мәселеде жеке Ауғанстанды ғана емес, тұтас аймақты және әлемдік қоғамдастықтағы жалпы ахуалға терең ой жүгірту керек», - дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов.
Саясаттанушының айтуынша, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғамдық көзқарасты анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізген көрінеді. Онда ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұрған 5 қатерді атаңыз деген сауалға: 1-сыбайластық (71,5 пайыз), 2-тарифтің көтерілуі мен коммуналдық қызметтің қымбаттауы (41 пайыз), 3- есірті құралдары мен қару-жарақтың заңсыз айналымы (39,7 пайыз), жұмыссыздық (38,3 пайыз), 4-халықтық өмір сүру деңгейнің төмендігі (34 пайыз), ал лаңкестік қызметтің белсенділігінің артуы тоғызыншы орын алған. Содан кейін экология, денсаулық, білім сияқты мәселелер, соң елдің жаһандануын ұлттық қауіпсіздіке төнген қауіп деп 14-ші орынға қойған. Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер Орталық Азияның өзге елдеріндегі сарапшылардың сөзіне қарағанда онда да осыған ұқсас.