Қоғамдық өмірге батысқазақстандық жастар ұйымдары да белсене араласып келеді

ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қоғамдық өмірге батысқазақстандық жастар ұйымдары да белсене араласып келеді,

Қоғамдық өмірге батысқазақстандық жастар ұйымдары да белсене араласып келеді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 14-тен 29 жасқа дейінгілер облыс халқының 28 пайызын құрайды. Әділет органдарында 63 жастар қоғамдық бірлестігі тіркелсе, соның 22-сі аудандар еншісіне тиеді. Аталмыш басқарманың жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы Қалаубек Теміровтің айтуынша, БҚО жастары қауымдастығы 2003 жылдан бері жұмыс жасап келеді. «Жас Отан» жастар қанаты және Қазақстан жастар конгресімен тығыз байланыстағы қауымдастық құрамына 38 бірлестік кіреді. Өңірдегі жастар саясатын жүргізуде қауымдастық әлеуметтік маңызы зор бағыттарға айрықша мән береді. Облыста осындай мақсатта 30-дан астам жоба жүзеге асырылды.  Соңғы кезде жастарды жұмысқа орналастыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ретте «жасотандықтар» «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша жұмыстануда.