10:57, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысында «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасы талқыға түседі
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Павлодар қаласында өтетін Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысында «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» үкіметтік заң жобасы талқыға түседі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпанның 6-сындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру ? мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына сәйкес әзірленген.Заң жобасының мақсаты заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алудың толық ауқымды және тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ атқарушы билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, әлеуметтік қорғау мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың өзара іс-қимылын жетілдіру болып табылады.