Қоғамдық Палатаның мүшелері Павлодар қаласындағы мекемелер мен өндіріс орындарын аралап көреді

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ақпанның 13-і күні Қоғамдық Палатаның мүшелері түске дейін Павлодар облыстық Ішкі істер басқармасына қарасты Жасөспірімдерді уақытша бейімдеу және оңалту орталығында болып, оның қызметімен танысады.
None
None
Бұл шара Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысы аясында өткелі отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сонымен қатар Қоғамдық Палатаның мүшелері Павлодар қалалық №15 Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік пунктіне барады. Павлодар қалалық Әйелдерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және оңалту орталығында болады. Палата мүшелерінің Электролиз зауытын аралап көретіні жоспарланып отыр.Ал Палата отырысынан кейін қаланың көрікті жерлерін аралап, Бұқар жырау мұражайында және өлкетану мұражайында болмақ. Меймандар «Астана» аты мұз айдыны бар сарайды көріп, сүт өнімдерін шығаратын «Рубиком» ЖШС-нің қызметімен танысады.
Соңғы жаңалықтар