Қоғамдық Палатаның отырысында «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы талқыға түседі

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Сәуірдің 17-ісі күні Алматы қаласында өтетін Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысында «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы талқыға түседі,

Қоғамдық Палатаның отырысында «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы талқыға түседі
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл заң жобаны ҚР Индустрия және сауда министрлігі әзірлеген. Аталған заң жобасына сәйкес тұтынушы құқығын тұтынушылар қоғамы мен сол мәселемен айналысатын мемлекеттік ұйымдар қорғайды. Соған байланысты қарым-қатынастар 1991 жылы қабылданып, 1992 жылы өңделген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңымен реттеледі. Енді осы нормалар ескіріп, қолдануға жарамай қалды. Ал, Мәжіліске келіп түскен заң жобасында негізінен жаңа мағлұматтар беріліп отыр. Мысалы, жарамдылық мерзімі, жетіспеушілік, кепілді мезгілі, жарамды уақыты және сақтау уақыты, тауар мен сатушы деген сияқты түсініктер енгізілген. Тауардың жұмысы қауіпсіздігі дегенде адам өміріне, денсаулығына немесе тұтынушының мүлкіне және қоршаған ортаға қауіп туғызатындай жағдайлармен тәуекел етпеу керегі ұқтырылады. Осындай түсініктер заң жобасының бірінші тарауында берілген. Бұл жердегі норма, өкілетті ұйым ? ол мемлекеттік, тұтынушы құқығын қорғайтын салаға басшылық жүргізуші мемлекеттік ұйым. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде жаңадан енгізілетін ұсыныстар түсіріліп, Палата тапсырмасымен заң жобасына қорытынды жасалу үстінде. «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобына депутат Айгүл Соловьева жетекшілік етеді.