Қоғамдық тамақтану орындары онлайн-жеткізуді белсенді пайдаланбақ

«Қоғамдық тамақтану орындарының да жұмыс уақыты сағат 22-00-ге дейін, бір уақытта келушілердің саны 50 адамға дейін шектеледі. Сонымен қатар біз кәсіпкерлерге «мүмкіншіліктер терезесін« ашуға кеңес береміз. Дәмханалар, мейрамханалар мен асханалар санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, онлайн жеткізу мүмкіндігін белсенді пайдалана алады», - деді Бақыт Сұлтанов.
Оның атап өтуінше, сауда және қызмет көрсету саласының барлық нысандары үстелдерді, орындықтарды, эскалатор жиектерін, баспалдақтар мен есіктерді, лифтіні әр сағат сайын және еденді үш сағат сайын зарарсыздандырып отыруы тиіс. Ғимараттың ауасын да желдетіп отыруға міндетті.
«Санитарлық нормаларды күшейту жөніндегі ұсынымдарды сақтауларыңызды сұраймын. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі өте құнды», - деді министр.