18:43, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Қоғамдық тәртіпке жергілікті атқарушы органдар да, әкімдер де жауап берулері керек - Президент
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Құқықбұзушылықпен байланысты жағдайды сауықтыру мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдарға да үлкен жауапкершілік артылады.

Бұл туралы бүгін Ақордада құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне байланысты өткен мәжілісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Бұл мәселеден жергілікті атқарушы органдар да тыс қалмауы қажет. Өйткені бұл мәселеде оларға да үлкен жауапкершілік артылады. Әкімдер қоғамдық тәртіп пен құқықбұзушылықты сауықтыру жұмыстарына байланысты үкімет мәжілістерінде ұдайы есеп беріп отыруы тиіс», деді Елбасы.