Қоғамға сайлаудан гөрі нақты әлеуметтік бастамалар маңызды- сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның келесі Президенті кім болады?» деген сұраққа Халық 2020 жылдың желтоқсанының алғашқы жексенбісінде жауап береді. «Болашақ» республикалық қозғалысының және «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Бабамұратов Президенттің бүгінгі мәлімдемесіне қатысты осылай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Көп әңгімеге осылай нүкте қойылды. Кеше кешке Елбасының Конституциялық Кеңеске жолданған сұрауынан кейін «саясатолог» мамандар тұс-тұстан түрлі болжамдарға ерік берген еді (әсіресе көрші елдерден). Бүгін нүкте қойылды. Қазақстанның келесі Президенті кім болады деген сұраққа халық 2020 жылдың желтоқсанының алғашқы жексенбісінде жауап береді», - дейді Дәурен Бабамұратов өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Сарапшының айтуынша, дәл қазір қоғамға, сайлаудан гөрі нақты әлеуметтік бастамалар барынша маңызды.

«Былтыр және биыл Президентпен жоспарланған бірқатар тәп-тәуір әлеуметтік жобалар жоспарға сәйкес орындалса, халыққа саяси науқанға қарағанда сөзсіз сол игі еді», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Конституциялық Кеңесіне жүгіну себебін түсіндіргенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар