Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы медицина қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде - Президент

«Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері! Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!

Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.

Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.

Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.

Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деп жазылған Президент құттықтауында.

Қасым-Жомарт Кемелұлы медицина саласының барша қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке тілеген.