КОІСА түлектерінің қауымдастығы елорданың мүгедектеріне спорт құралдарын сыйлады

АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (КОІСА) түлектерінің қауымдастығы елорданың Жас мүгедектер қауымдастығына көмек көрсетуде. Бүгін КОІСА түлектерінің қауымдастығы мүгедектер ұйымына спорттық жаттығу құралдарын сыйлады,

КОІСА түлектерінің қауымдастығы елорданың мүгедектеріне спорт құралдарын сыйлады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар осы бағалы сыйлықтарды пайдалана отырып, өзін-өзі қорғауға жаттығады. Кездесудің негізгі мақсаты - мүгедек жасөспірімдердің өзін сенімді ұстау үшін көмек көрсету жөніндегі «Шектеусіз спорт!» қайырымдылық акциясын ойдағыдай жүзеге асыру. Акция Қазақстанда бірнеше жыл бұрын құрылған КОІСА түлектерінің қауымдастығы жұмысының бағыттарының бірі. Бұл биыл қауымдастықтың мұқтаж адамдарға жәрдемдесу жөнінде жүзеге асырып отырған осымен 4-ші қайырымдылық шарасы.

 «Біздің қауымдастық пен елорданың жас мүгедектер ұйымының арасындағы ынтымақтастық бұдан былай нығая түспек. Келешекте мұндай қайырымдылық акциялар жалғасын табады», - деп атап өтті Кореяның Қазақстандағы елшісі Ли Бен-Хва.