«Көк» мәртебелі астаналықтарға ойын-сауық орталығына кіруге тыйым салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан соң «Ashyq» жүйесінде «көк» мәртебеге ие адамдардың ойын-сауық орталығына кіруіне тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімдігінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. Қаулы күшіне енген соң елордада Ashyq жүйесінде «көк» мәртебеге ие адамдар ойын-сауық орталықтарына кіруіне тыйым салынады. Яғни жұмыс және демалыс күндері СОСО-ға тек қана «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар кіре алады», - деді елорда әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.

Оның айтуынша, бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шығам дегенше «Көк» мәртебеге ие адамдар ойын-сауық орталықтарына кіре алады.

Тағы бір ескеретін жайт, аталған шектеу тек қана ойын-сауық орталықтарына қатысты, яғни сауда үйі, сауда орталығы және базарлардың қызметіне қатысы жоқ.


Соңғы жаңалықтар