Көк шай қатерлі ісік ауруына қарсы дәріге негіз болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар қатерлі ісік ауруына қарсы көк шайдан дәрі жасамақ, деп жазады Росбалт.

Көк шай қатерлі ісік ауруына қарсы дәріге негіз болмақ

Көк шай қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендететіні, жүрек-қан тамыр ауруларынан сақтап, қан қозғалысын жақсартатыны белгілі. Осыны ескерген Сингапурдағы Нанотехнология және биоинженерия институтының ғалымдары көк шай құрамындағы химиялық заттармен «жаман ауруға» қарсы дәрі жасамақ.