Көк шайды жиі ішу обырдан сақтайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурдың биоинженерия және нанотехнологиялар университетінің мамандары көк шайдың обыр ауруларына қарсы тұра алатын, сондай-ақ ісіктердің алдын алуға көмектесетін көптеген оң қасиеттерінің бар екенін анықтады.
Олардың мәліметтерінше, бұл сусынның құрамында онкологиялық ауруларды емдеуге қатысты емдік қасиеті зат - кахетин бар. Ол мықты антиоксиданттарға ие полифенолды қосылыстар болып табылады. Бұл - көк шайдың уландырғыш қасиеті ең аз сусындар санатына жатқызылуының себебі.
Шайдың бір кесесінде полифенолдың 10-нан 40-қа дейін миллиграмы бар. Сусынның күшті антиоксидант болып табылуы себебімен ол ерікті радикалдардың санын қысқартады. Бұл обыр ісігінің пайда болу мүмкіндігін дерлік толық жойып қана қоймай, ол пайда болған жағдайда дамуын тоқтатады.
Бұл қорытындылармен Францияның ғалымдары да келіседі. Алған қорытындыларға сәйкес, көк шайды тұрақты негізде қабылдау керек. Бұл туралы мамандардың қолына түскен соңғы мәліметтер куәландырады - көк шайды ішкен адамдардың обырға шалдығудан болған өлімдер саны 24 пайызға төмендеген, деп жазады «Дни» порталы.