Көк тудың астында: Дербес бітімгерлік контингенттің бұған дейінгі бітімгерлерден айырмашылығы неде

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Kazinform сауалына жолдаған жауабында тұңғыш дербес бітімгерлік контингенттің бұған дейінгі бітімгерлерден айырмашылығы қандай екенін түсіндірді.

Отар елді мекеніндегі төбелес: екі әскери қызметші уақытша ұстау изоляторында
Фото: gov.kz

«Бұған дейінгі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бітімгершілік контингентті 2018 жылы БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері миссиясына Үндістан Қарулы Күштерінің бітімгершілік батальоны қол астында жолдаған болатын. Яғни, Қазақстан бітімгерлері тек жеке қару-жарағы мен жеке мүліктерін алған болатын», - деп жазылған жауапта.

Ал бұл жолы қазақстандық әскерилер өзімен бірге Қазақстан Туын алып жүреді.

«Қазіргі жолданатын контингент Қазақстан Республикасының өз туының астында дербес, өзінің әскери техникасы, қару-жарағы және қосымша мүлкімен бірге жолданайын деп отыр. Контингент жолдауға Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Жарғысында көрсетілген халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлес қосу шеңберіндегі міндеттемелерін орындау шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ, біздің әскерилердің бітімгершілік миссияға қатысу барысында қосымша тәжірибе жинайтыны анық», - делінген министр орынбасарының жауабында. 

Соңғы жаңалықтар