Көк жайлау бүкіл аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың мықты факторы болуы мүмкін - А. Марзола
АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Көк жайлау» тау шаңғысы курорты сәтті жоба болатынына өз басым толық сенімдімін. Бұл туралы бүгін Алматыда өз жұмысын аяқтаған І Халықаралық инвестициялық форумында айтылды.
«Көк жайлау тау шаңғысы курорты ретінде Алматыны дамытуда маңызды болатынына муниципиалдық билік сенімді. Сол себепті олар оны жүзеге асыру үшін нақты қаржы жұмсауда. Өз басым оның сәтті жоба болатынына сенімдімін. Өйткені Италияда бұл іс жеке бизнестің қаржысымен жүзеге асырылды. Сондықтан оған 50 жыл уақыт жұмсадық», - дейді Dolomiti Superski тау шаңғысы курорты қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі Алессандро Марзола. Оның айтуынша, сұлу табиғаты мен инфрақұрлымының арқасында Алматы жақын келешекте Орталық Азиядағы тау шаңғысы туризмінің орталығы болады. Көк жайлау тек Алматы ғана емес бүкіл аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың мықты факторы болуы мүмкін.