Кокаин тасымалдаған соғыс ардагері 3 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ соты Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Лео Шарпты кокаинды заңсыз тасымалдағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлады.
Детройттың федералдық судьясы Нэнси Эдмундс Шарпқа қатысты үкімді ардагердің 90 жасқа толған күнінде шығарған. Эдмундстың айтуынша, Шарптың жасы мен соғысқа қатысқандығы оның үкімін жеңілдетуге еш септігін тигізе алмаған. Судья ардагердің ісін «өте қиын әрі жиіркенішті» деп атаған.
Агенттіктің хабарлауынша, жеті ай бұрын Шарп мексикалық есірткі кортеліне арналған 1 тоннадан астам кокаинды Мичиганға асырып жібергенін мойындаған. 2011 жылы оны алғаш рет көлігімен есірткі тасып бара жатқан жерінен ұстаған болатын.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Шарп сот кезінде «қайғыдан қан жұтып» отырғанын айтқан. Ол өзінің үш жылдық жазасын өлім жазасымен бірдей деп атаған.