«Көкек әкелерден» 1 млрд теңгеге жуық алимент өндіріп алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Көкек әкелерден» 1 млрд теңгеге жуық алимент өндіріп алынды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Азаматтардың тарабынан түсетін өтініштердің жартысын құрайтын, үнемі шағым тудыратын өндірістің әлеуметтік маңызды санаттарының бірі  алиментті өндіруге баса көңіл бөлінеді. Министрлік  Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп,  алимент төлемеушілерден оны өндіріп алудың барынша кешенді мәжбүрлі шараларын қабылдау жұмысын  ұйымдастырды», - деді ол.

Вице-миинстрдің айтуынша, қабылданған шаралар проблемалық алименттердің 10 пайызға төмендеуіне оң әсерін тигізді.

«Нәтижесінде жарты жылдың қорытындысы бойынша 3 800 проблемалық өндірістен 1 миллиардтан астам сомаға алимент өндірілген. Сот орындаушыларына қатысты министрлікке келіп түсетін шағымдардың саны да азайды. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге дерлік кеміді»,-  деді Ешмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар