Қоқыс өңдеу зауытында Өзбекстанның 37 азаматы заңсыз жұмыс істеп келген

көші-қон
Фото: polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада көші-қон қызметкерлері жергілікті рейд жүргізді. 

Пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.

Бір күн ішінде елордада елімізде жүріп-тұру тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды. 

Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.

Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.

ІІМ көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады.

«Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидасын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар» деп ескертеді ведомстводан. 

Соңғы жаңалықтар