«Көкнәр-2012» операциясының барысында полицейлер 23 есірткі қылмысын анықтады

ҚОСТАНАЙ. 20 маусым. ҚазАқпарат - «Көкнәр-2012» операциясының бірінші кезеңінде қостанайлық полицейлер 23 есірткі қылмысын анықтады, соның ішінде тыйым салынған заттарды сатудың 18 фактісі бар.

«Көкнәр-2012» операциясының барысында полицейлер 23 есірткі қылмысын анықтады

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Рудный қаласындағы есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемдегі есірткі бар екі ер адамды ұстады. Сол жерде 33 жастағы әйел де ұсталды, жеке тексеру барысында одан салмағы 1,265 грамды құраған героин алынды. Ұсталған азаматша бұған дейін бірнеше рет есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған болатын. Енді ол қамауға алынды.

Қостанайда жеке тексеру барысында шалбарының қалтасынан жалпы салмағы 2 грамнан астам героин салынған екі орама табылған 24 жастағы ер адам қолға түсті. Бұдан кейін оның пәтерін тексеру барысында полицейлер полиэтилен пакеттеріне салынған героин анықтады. Ұсталған азамат есірткіні сату мақсатымен сақтады. Сот оның қамауға алынуын санкциялады.

Қостанай облысы аумағындағы «Көкнәр-2012» операциясы 1 маусымнан 30 қазанға дейін жалғасады.