Көкөніс өсірушілер одағының төрағасы: Әрбір гектар жерді ұқыпты пайдалануға тырысамыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Картоп және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаевтың пайымынша, жерді пайдалануда мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты салмақты әрі эволюциялық шешімге негізделген.

Көкөніс өсірушілер одағының төрағасы: Әрбір гектар жерді ұқыпты пайдалануға тырысамыз

«Біз оны толықтай қолдаймыз. Енгізілген түзетулер бізге жеңілдікті жағдайда осы жерді сатып алуға қосымша серпін мен мүмкіндік беріп отыр. Суармалы егістерде жұмыс істейтін картоп және көкөніс өсіретіндер осы бизнесті дамыту үшін қыруар қаржы салады. Біз бүгінде әрбір гектар жерді ұқыпты пайдалануға тырысамыз. Егер де осы мүмкіндік бүгінде бізге 10 жылдың барысында сатып алып, ертеңгі күнге сенімді болуы үшін мүмкіндік жасалып отырса, бұл өте жақсы жағдай деп ойлаймын», - деді Қ. Бисетаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы ретте ол фермерлер үшін жердің өнімділігін арттыруға салған қаржының ақталуына сенімді болуы өте маңызды болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар Қ. Бисетаев ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласына инвесторлар тартуға да екпін қойылуы керек екенін сөз етті.