Көкпар тартқан балалар желі қолданушыларын қызықтырды - шетелдегі қазақ баспасөзі

Көкпар
Фото: виедодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Түркия мәдениет жолы фестиваліне 40 мың өнерпаз қатысады - TRT

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой Стамбулда «Түркия мәдениет жолы фестивалі» бағдарламасын егжей-тегжейлі таныстырды. 8 айға созылатын фестиваль аясында 6 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылады.

Министр әлемде теңдесі жоқ жоба деп атаған «Мәдениет жолы фестивалі» биыл 16 қалада өтеді екен.

Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Түркия
Фото: trt.net.tr

Сондай-ақ Эрсой фестивальге қатысатын өнерпаздың саны былтырғы рекордтық көрсеткішті жаңартатынын айтты. Министрдің мәліметінше, 2023 жылы фестивальге қатысатын өнер адамы саны 34 мыңға жетсе, ал биылғы қатысушылар саны 40 мың өнерпаз болмақ.

Айта кету керек, биыл Түркия мәдени жолы фестивалін 13-21 сәуір аралығында Аданада апельсин гүлі карнавалымен басталмақ.

Бұл фестивальдің ең маңызды элементтерінің бірі 80-нен астам түпнұсқа туындысы бар Пикассоның әсерлі көрмесін басты қонақ ретінде кұтпек. Және 3 ай бойы әртүрлі қалалардағы өнер сүйер қауымға таныстыру арқылы ерекше тәжірибеге қол жеткізуді мақсат етуде.

Сонымен қатар әлемге танымал көптеген тұлғаның туындылары фестивальдің сәнін келтірмек. Биылғы жылы іс-шаралар 600-ден астам нысанда өтеді.

Мемлекеттік опера және балет театры әйгілі Анадолы аңызы «Шахмеран» да алғаш рет сахнаға қойылады.

Бейжіңде Қытайдағы «Қазақстан туризм жылының» туризмді дамыту және инвестициялау форумы өтті – «Халық газеті»

28 наурыз күні Бейжіңде Қытайдағы «Қазақстан туризм жылының» туризмді дамыту және инвестициялау форумы өтті. Қытай мен Қазақстан өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумға қол қойып, Қытайдағы «Қазақстан туризм жылының» шымылдығын ашты. Форумға Қытайдың Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели мен Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.

Бұл туралы осы аптада Қытайдың «Халық газеті» де хабарлады.

форум
Фото: kaz.people.cn

Қытайдың Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели туризмді дамыту және инвестициялау форумы 2024 жылғы Қытайдағы «Қазақстан туризм жылы» аясындағы маңызды іс-шара екенін атап өтті.

Қытайлық министрдің мәліметінше, өткен жылдың мамыр айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы келіссөздер барысында ол Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы жаңа «алтын 30 жылдықты» ашқанын және екі тарап дәстүрлі достықты белсенді түрде ілгерілетіп, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуі керек.

Сонымен қатар, Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігі қазақстандық серіктестермен бірлесіп, екі мемлекет басшыларының консенсусын жүзеге асыруға, Қытай-Қазақстан туристік ынтымақтастығында үздіксіз жаңа нәтижелерге қол жеткізуге және екі ел халқына бақыт жаратуға жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді.

Ал қазақстандық министр Ермек Маржықпаев Қазақстан туристерді тарту үшін өзінің бай көшпелі мәдениетін, жүздеген жылдық тарихы мен қайталанбас табиғи ландшафттарын пайдаланатынын айтты. Сондай-ақ ол Қытайдағы «Қазақстан туризм жылы» - бұл екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін маңызды іс-шара екенін айтқан.

Айта кетейік, жоспарға сәйкес, 2024 жылы Қытайдағы «Қазақстан туризм жылы» аясында 35-тен астам іс-шара өткізіледі.

Иранға 300 мыңнан астам шетелдік студентті тартуға рұқсат берілді – «Parstoday»

Иранның Студенттер ісі жөніндегі ұйымының басшысы Хашем Дадашпур кем дегенде 300 000 халықаралық студентті тарту үшін 200-ден астам ирандық университетке рұқсат берілгенін хабарлады. Бұл туралы Иранның «Parstoday» ақпарат агенттігі жазды.

300 мыңнан астам шетелдік студентті тартуға рұқсат берілді
Фото: parstoday.ir

Шәһид Бехешти университетінде өткен екінші Сорая ұлттық фестивалінде аталған хабарды Хашем Дадашпур жеткізді.

Оның айтуынша, Иран университеттеріндегі жоғары ғылыми дәрежелер мен ғалымдардың арқасында елдің 200-ден астам университеті Студенттік істер ұйымынан халықаралық студенттерді тартуға рұқсат алған. Сондай-ақ алдағы бес жылда 320 000 халықаралық студентті оқуға аламыз деп үміттенеді.

Иран Студенттер істері ұйымының басшысы елдер арасындағы мәдени айырмашылықтарды қабылдауымыз керек деп тоқталған. Атап айтқанда, кез келген елден Иранға кірген студент өз елінің координаттарымен Иранда пайда болады және Иран университеттерінде олардың қатысуы үшін қажетті дайындық бар.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Иранның 32 облысында 2183 жоғары білім беру орталығы бар.

Сондай-ақ осы аптада «Parstoday»-де «Иранның экономикалық өсімі артты» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Халықаралық валюта қоры өзінің статистикалық ақпаратында Иранның соңғы жылдардағы экономикалық өсімінің артқанын жариялады.

Иран
Фото: parstoday.ir

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Халықаралық валюта қоры жариялаған статистикалық мәліметтерге сәйкес, Иранның 2013-2021-ші жылдың соңына дейін (11-ші және 12-ші үкіметтер) орташа жылдық экономикалық өсімі 1,5 пайызды құраған.

«Халықаралық валюта қорының 1981 жылдан бері Иранның экономикалық өсімі туралы жариялаған статистикасына сәйкес, ең төменгі экономикалық өсім қасиетті қорғаныс дәуірінде 0,9% болды, бұл елдің соғыс жағдайларын ескергенде қалыпты жағдай. Бірақ соғыстан кейін Иранның сегіз жылдағы ең төменгі экономикалық өсімі 2013 жылдан 2021 жылдың соңына дейін болды», деп жазады «Parstoday» ақпарат агенттігі.

Алматыдағы «Көк төбе» саябағында Өзбекстанның туристік әлеуеті көрсетілді - «ӨзА»

Өзбекстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Алматы қаласының көрікті жерлерінің бірі «Көк төбе» саябағында Өзбекстанның туристік әлеуеті таныстырылды.

Көк төбе саябағы
Фото: Uza.uz

Аталған іс-шараны Өзбекстанның Бас консулдығы «Uzbekistan Airways» компаниясымен бірлесіп Қазақстанның жетекші туроператорлары мен Алматы қонақтары мен қала тұрғындары үшін ұйымдастырған. 

Іс-шарада Өзбекстандағы туризм саласындағы жетістіктер, туристік бағыттар мен тарихи ескерткіштерді сақтау, заманауи қонақ үй инфрақұрылымын дамыту туралы ақпараттық материалдар ұсынылған. Қонақтар Шығыстың ұлттық мәдениетімен танысуға мүмкіндік алып, өзбек ұлттық тағамдары – дәстүрлі палау және шығыстық тәттілерінен дәм татты.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Өзбекстан 52 елге тоқыма өнімдерін экспорттады» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Статистика агенттігінің мәліметінше, Өзбекстан 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 519,4 миллион долларға тоқыма өнімдерін экспорттаған.

Өзбекстан
Фото: uza.uz

Бұл көрсеткіш жалпы экспорттың 14,3 пайызын құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға өскен.

«Экспортталған тоқыма өнімдерінің ішінде негізгі үлесті дайын тоқыма бұйымдары (37,4 пайыз) және жіп (47,7 пайыз) алды. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында әлемнің 52 еліне тоқыма өнімдерінің 496 түрі экспортталды», - деп жазды өзбекстандық БАҚ.

Көкпар тартқан балалар желі қолданушыларын қызықтырды - «Harajorga»

Көкпар
Фото: видеодан алынған скрин

Көкпар тарту - Шыңжаңдағы аз санды ұлттардың дәстүрлі ат спорты ойындарының бірі. Аталған ойын көбінесе мереке-мейрамдарда немесе тойларда өткізіледі. Көкпар - ерлікті сынайтын бәсеке түрі. Шыңжаңдағы мал шаруашылығын кәсіп еткен өңірлердегі балаларда көкпар ойынын ойнайды, - деп хабарлайды Қытайдың «Harajorga» әлеуметтік желісі.

Аталған ақпарат көзінің дерегінше, 25 наурыз күні Хотанда бір топ бала көкпар тартып ойнаған видеосын жариялаған. Олардың атпен шапқылап, асыр-салып ойнағандары әлеуметтік желі қолданушыларын қызықтырған.

«Күрес күшті сынайды, көкпар ерлікті сынайды. Бақташылардың балалары 3-4 жасынан бастап көкпар тартуға машықтанады. Мына баланың қамшыны тістеген бейнесі қандай әдемі. Көкпар жарысы шапшаңдықты, қырағылықты, ат үстіндегі тепе-теңдікті сақтауды талап ететін, қатері де бар ұлттық ат ойындарының бір түрі саналады», - деп жазды қытайлық БАҚ.

Бұл ақпаратта атқа мініп көкпар ойнап жүрген жеткіншектердің бірнеше видеосы жарияланған. Солардың бірінде көкпаршылардың киімін киген 4-5 жастағы қазақ баласы, үлкен болғанда тайға мініп, көкпар тартып, чемпион болғысы келетінін айтады. 

Соңғы жаңалықтар