Көкпар туралы алғашқы фильмнің трейлері шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде «Мықтылар заманы» көркем фильмінің трейлері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкпар туралы алғашқы фильмнің трейлері шықты

Орталық Азия халықтарының ұлттық ойынын көрсететін спорттық драма/экшн жанрындағы бұл жобаны «Салам, New York», «Анамды іздеп» фильмдерімен танылған қырғызстандық режиссер Руслан Акун таспалаған.

Кинокартина талантты көкпар ойыншысы, тадай додада топ жарған «Жалын» командасының капитаны Мақсат туралы баяндайды.  Өте маңызды ойында жеңіліп қалған соң, «Жалын» басшысы көкпарға жаралы атпен шығудан бас тартқан Мақсатты топтан шығарады. Туған жеріне оралған Мақсат ауылдастарынан жаңа команда құрып, жеңіске ұмтылады.

Фильмдегі басты рөлдерді қазақстандық актерлер - Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова сомдаған. Ат үстіндегі каскадерлік трюктерді танымал Nomad каскадерлік тобы орындаған.

20 қыркүйек күні фильм ел кинотеатрларында көрермен назарына ұсынылады.