Көкпекті ауылында су тасқынынан қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылында су тасқынынан таза тапқан адамдардың аты-жөнін жария етті.

Көкпекті ауылында су тасқынынан қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды

«Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 5 адамның мүрдесі табылды. Олар: 1924 жылы дүниеге келген Ноғаев, 1926 жылғы Нагибина, 1942 жылғы Ромашенко, 1963 жылғы Ноғаева және 1979 жылы дүниеге келген Скебетский»,- деді ол. Министрдің сөзіне қарағанда, медициналық көмекке 26 адам жүгінген. Олардың бесеуі суық тию, жүйке жүйесіндегі күйзеліс диагоноздарымен ауруханаға жатқызылды. Жалпы су тасқынынан 125 адам құтқарылды.