Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде «Қарасор» көлін айналып өтетін теміржол салынады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды, сел жүру мен көктемгі су тасқынын өткізуге жасанды құрылыстарды уақтылы дайындау мақсатында іс-шаралар жүргізуде. Бұл іс-қимыл жоспары аясында судың шайып кетуіне қарсы 602 вагоннан тұратын 42 пойыз әзірленіп, қажетті материалдар мен керекті құралдар дайындалды», - деді министр.
Оның атап өтуінше, қауіпті жерлердің тізімі жасалды. Жол бөлімшелерінің, магистральдық желі мен жол дистанциясы бөлімшелерінің нақты іс-қимылдары айқындалды. Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларына комиссиялық тексерістер жүргізілуде.
Бұдан бөлек, «2017-2020 жылдары тасқын қатерін ескерту мен алдын алу шараларының жиынтығы» Жол картасы аясында ұзақтығы 23,6 шақырым болатын Көкпекті - Қарағайлы учаскесінде «Қарасор көлін айналып өтетін теміржол құрылысын» салу қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттамасын наурызда аяқтаймыз. Жалпы, бұл учаскенің құрылысын аяқтау мерзімі 2019 жылдың желтоқсанына жоспарланған», - деді Жеңіс Қасымбек.